«Латын жазуын оқытуға негізделген жаңа қазақ әліпбиі мен емле ережелері» тақырыбындағы онлайн семинар

2019 жылғы 18 cәуірде Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған «Латын жазуын оқытуға негізделген...
Tilalem.kz

Tilalem.kz

19 сәуір, 2019

Аталған семинарда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология ғылымдарының кандидаты, доцент C.М. Сапина Ақсу қаласы және Аққулы, Железин аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелер мен жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде өзекті мәселелерді талқылады.

Аталмыш шарада латын графикасындағы қазақ әліпбиін оқытуда кездесетін мәселелер туралы cөз қозғалды. Жалпыхалықтық реформаны жүзеге асырудың кезеңдері атап өтіліп, дәріс оқушы тыңдаушылырға латынды енгізудің тиімді әдістері туралы ақпараттар берді.

Жалпы онлайн-байланыс арқылы 50 адам қатысты.

Облыс тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы


Баға беріңіз