Сертификаттар табысталды

​Талдықорған қаласында«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық дәріс-семинар аяқталды.
Tilalem.kz

Tilalem.kz

18 наурыз, 2019

Семинарды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.

Латыннегізді әліпби ережелерін ересектерге үйрететін Тіл оқыту орталықтарының тренерлерін (оқытушыларын) оқыту басталды.

Республикамызда тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға өңірдің әр аудандарынан келген 60-тан аса аудандық тілдерді дамыту жөніндегі бөлім басшылары, оқу орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері қатысып сертификаттар алды.

Сертификаттарды салтанатты түрде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Нұргелді Уәли, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Орфография басқармасының басшысы,филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжанова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы Айман Жаңабекова, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандитаты Жанар Жұмабаева, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Фонетика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандитаты Айсәуле Аманбаева және Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айдар Башбаев табыс етті.


Баға беріңіз