Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – маңызды белес

Tilalem.kz

Tilalem.kz

13 желтоқсан, 2018

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың Студенттер сарайында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 12 желтоқсанда қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру мәселесі бойынша республикада атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарды халыққа таныстыру мақсатында «Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – маңызды белес» тақырыбында республикалық конференциясы өтті.

Шараға қалалық, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары мен оқытушылары, студенттері, филолог-ғалымдар, қаладағы орта мектептердің директорлары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, балабақша меңгерушілері, тіл жанашырлары, зиялы қауым, БАҚ, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Конференцияны Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Абасилов Аман Мәделханұлы жүргізіп отырды.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес, "Қазақ жазуы: төл дыбыс-төл әліпби» тақырыбында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Әлімхан Жүнісбек, «Латын қарпіне көшу барысындағы әзірлеу және енгізу жұмыстары» тақырыбында Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, ф.ғ.к. Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, «Латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуын енгізудің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к Боранбай Болат Елтайұлы баяндама жасады.

Конференцияға қатысушылар латын әліпбиіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, өз ұсыныстарын білдірді.


Баға беріңіз