Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қос тілді фильмдерге тоқтау бола ма?

3.12.2018 4539

Қоғамда тіл мәселесі әлі де өзекті. Кейінгі жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындылары үндінің «Болливуд продакшны» секілді бірінен кейін бірі шығып жатыр. Бірақ фильмдердің деңгейі төмен болғандықтан, көңілі толмайтын көрермен көп. Кезінде «Қыз Жібек», «Қан мен тер», «Амангелді», т.б. көптеген драмалық киноэпопеяларды шығарған аты әйгілі қара шаңырақтың ­туындылары майдаланып бара жатқаны жанға батады. Қос тілді фильмге кім тоқтау қояды екен? Кино әрбір ұлттың салт-дәстүрін, тілі мен дінін, мәдениетін дәріптей отырып тәлім-тәрбие беретін ұлы өнер емес пе? Олай болса, өскелең ұрпақ қос тілде шұбарланған дүбәрә фильмдерден қандай тәрбие алмақ? Еліміздегі кинотеатр, телеарна мен басқа да ақпарат көздерінде ана тіліміз өз дәрежесінде қолданылмай келеді. «Жастардың бүгінгі күнгі өмірін көрсетеміз» деп, киноны қос тілде сөйлетіп отырған продюсерлердің өскелең ұрпақты ана тілінен одан сайын алыстата түсетіндерін түсінбейтіні өкінішті. Сол себепті қос тілде сөйлейтін фильмдерге тоқтау салатын кез келді. Киноны ана тілімізде түсіруі керек. Кейін басқа тілдерге аудара берсін.

Бірде ұялы телефонымның пернетақтасы бұзылып қалып, қаладағы үлкен жөндеу орталығына бас сұққан едім. Ондағы қаздай тізіліп отырған қыздардың барлығы дерлік орысша жауап берді. Бұған әбден етіміз үйреніп кеткен ғой, қалыпты жағдай сияқты қабылдап жүре беруге де болар еді. Бірақ намысқа булығып қазақша неге жауап бермейтінін сұрағанымда, біреуі: «Ой, аға, онда тұрған не бар?» деп, керісінше, менің қазақ тілінде сөйлегенімді артта қалған адамдай көріп, кері бұрылды. Қара көзді қарындасымның сол сөзі күні бойы ойымнан кетпей қойды. Бір қарасаң, жай ғана сөз тіркесі. Ал саралап салмақтай қарасақ, бұл сөздің астарында көп мәселе жатыр. Бұл – Ана тіліне немқұрайды қарау, менсінбеу және қажетсіз сезіну. Мағжанша «Мен жастарға сенемін» деп, кемел келешегімізді жастарға тікелей байланыстырамыз. Ал қазақ тілінде сөйлеуге ұялатын жастардан қандай болашақ күтеміз?
Сонау 1986 жылдың желтоқсанында орталық алаңға шығып, елімізге егемендік пен туған тілімізге деген құрметті жеңіп әперген азалы дүрбелең оқиғаға қатысқан едім. Сол кездегі ұл-қыздардың ел үшін, жер үшін, тіл үшін еңсесін тік көтеріп, саяси режімге қарсы шығуы үлкен ерлік еді. Сол жастардың ұлтқа, тіл мен дінге деген құрметі бүгінгі жастардың бойында болса, біздің ұлтымыз да мәңгі жасай бермек.

Тегтер: кино, қазақ тілі, кино тілі, тіл райы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

17845 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

20758 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

4456 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды