Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында

30.11.2018 5176
Арқалықта «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы аясында іс шара өтті

Қоғамда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақша сөйлесу мәдениетін арттыру, мемлекеттік тілді үйренуге қызықтыру әрі тілді меңгерген адамдарды қолдау мақсатында еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы өтті.

Аталған акцияның аясында Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы да этнос жастары арасында «Қазақшаға қалайсыз?» атты сайыс өткізіп, оған Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ, Арқалық политехникалық, Торғай аграрлық-техникалық, Арқалық экономикалық, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледждерінен 15 білім алушы қатысты.

Шара барысында сайысқа қатысушылар «Жалғасын тап», «Бір әріпке – 10 сұрақ», «Суреттер сөйлейді», «Әуенді тап», т.с.с. 7 кезең бойынша бақтарын сынап, мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті.

Сайыс соңында барлық қатысушылар орталық басшысының алғысхаттарымен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды.

Қазіргі таңда 140-тан астам ұлт бір шаңырақ астында бақытты, бейбіт ғұмыр кешіп келеді. Қазақтың дархан даласын мекендеген кез келген ұлт өкілі өз ана тілімен қатар, туған елінің мемлекеттік тілін қадірлеп, құрметтеуі тиіс.

«Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар», - демекші бір емес бірнеше тіл үйренгеннің жолы әрдайым ашық болары сөзсіз. Ендеше, мемлекеттік тілдің де мәртебесін көтеруге баршамыз атсалысайық!

Тілдерді оқыту орталығының әдіскері

Ж.Муханбетжанова

Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

7468 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

6462 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

6321 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4