"Мен қазақша сөйлеймін" акциясы өтті

Tilalem.kz

Tilalem.kz

27 қараша, 2018

Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясымен бірлесіп «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» атты жалпы республикалық акциясын өткізді. Акция мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, рухани құндылықтарды сақтауға және дамытуға бағытталған.

Аталған акция «Март», «ЦУМ» сауда орталықтарының алаңында, сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылды.

Акция барысында қаланың 500-ге жуық тұрғыны мемлекеттік және ана тілдерін тегін оқыту курстарына шақырту алды. Акцияға қала тұрғындары белсене қатысты.


Баға беріңіз