Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Үш тілді сәби кім болып шығады?

21.11.2018 4265

Аузынан емшек сүті кеппеген балабақша сәбилерінен бастап жаппай ағылшын тілін оқыту деген дүниежүзінде жоқ іс.

Ең озық ұлт жапондар балалары 14-15 ке келмей бірде бір басқа тілді оқытпайды. Атақты ғалым Дэвид Кристал бір ұлтты жойып жіберу үшін ол ұлтқа қос тілділікті енгізсе жетеді, үстем ұлттың тілі кіші ұлттың тілін бұзады. Тілі бұзылған ұлт ақыры жойылып бітеді деген.

Қазақ қазір тілін орыс тілімен шұбарлап болды. Жапондар балалары 15 тен асқасын, тек керек болады-ау деген шет тілдерін ғана оқытады.
Ғұлама шайыр Әбубәкір Кердері: "Тілі екеудің діні екеу"деген. Ал тілі үшеу кім болып шығады?

Жастайынан бірнеше тілде тілі шыққан сәбиде ата-ана, ұлтым, ұлттық сана дегеннің болмайтыны дәлелденген. Қазақстан билігіндегілер оның бәрін сені мен менен де жақсы біледі. Олар осының бәрін әлдебір құпия халықаралық ұйымдардың тапсырмасымен істеп отыр ма деп қорқамыз. Гендерлік саясат та сол. Егер билік қазақтың жартысын кириллица, жартысын латынша қылмай бәрін латынға бірден көшірсе ниеті түзу деуге болар еді. Ал мынау қазақ ұлтын екіге бөлу. Ресей не басқа республикалар неге үштілділік дегенді аузына алмайды? Әлде қазақтар орыстан, жапоннан, өзбек, әзірбайжан, түрік, татар т.б. бәрінен озып қайда бармақшы?

Лепірмеліктен, дабырашылдықтан, ұраншылдықтан, мақтаншақтықтан, "бес бастамашылдықтан"-ақ жарылып өлетін шығармыз.


Тегтер: Мырзан Кежебайдың facebook парақшасынан

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

4215 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

3467 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

3389 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4