Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Әйел" деген сөз де - кеңес кезінен қалған саясаттың зардабы!

23.10.2018 5842

Өзбектер қазір бізге қай жағынан алсаң да үлгі. Тілін, дінін, дәстүрін солар ғана жанын салып қорғап қалып жатыр. Бұрын да сондай еді, қазір де сондай өзбек.

Осы жаңа лентадан «қатын» деген сөзге байланысты бір постты оқып қалдым. «Әйел» дегенге әбден үйреніп қалған қыз-келіншектер оны жақтырмай жатыр екен. Жалаңбас, жалаңбұт өмірге үйреніп қалғандардың орамалға қарсы шыққаны секілді болып көрінді ол маған. Бұл да сол Сәвет кезінен қалған саясаттың зардабы. Өзбекті не үшін айттым?

«Қатын» деген сөзден бізді 1925 жылдардан бастап жеріте бастады. 1927 жылы «Әйел теңдігі» деген журнал шыққан. Бұл сол кездегі қазақ қоғамына белгісіз сөз болатын. Кейін оның атын қайтадан «Қазақстан әйелдері» деп өзгертті де, «әйел» деген «современный» сөзді жұрттың санасына сіңіре бастады. Оны ескіліктің қалдығы сияқты болып көрінген «қатын» дегенге альтернатива етіп алды. Бізден басқалардың бәрі – өзбек те, қарақалпақ та, татар, ноғай, түрікпендер де «әйел» деген сөзден бас тартып, қатындарын кемсіткен жоқ. Неге кемсіткісі келген жоқ? Өйткені, әйел – араб тілінде ешқандай хұқы жоқ, күңнің орнына жүретін адамның аты болған.

Қатын - қай кезде де (императрица, госпожа деген сияқты) статусты білдіретін. Қыз-келіншекті қазақ кемсітпеген. Оны жатжұрттық деп аялап, біреудің қатыны (госпожа) болады деп мәпелеп өсірген. Кемсітіп, оны ешқандай мұрагерлік хұқы жоқ күң дәрежесіне дейін «көтеру» - Сәвет кезінен басталған «теңестіру» саясаты.

Айтпақшы, өзбектер де тура сондай журнал шығарған. Бірақ олар әйел деген сөзді алып тастап, «Өзбекстан қотын-қызлары деп атады. «Татарстан қатынлары» деген журнал шығарды, татарлар да жарысып.

«Қатын деген сөз – императрица, госпожа дегенмен бірдей сөз болған» дедім ғой. Егер «қатын» деген сөз қыз-келіншекті кемсітетін сөз болса, онда біз ханның бәйбішесі болған тарихтағы атақты қатындар - Тайдұлла қатын, Мандұқай қатын, Өгіл-қаймыш қатын, Сорқақ қатын, Теркен қатындарды да кемсіткен болып шығар едік. Бірақ олар қатын (госпожа) деген статуспен тарихта қалды.

Тегтер: әйел, келін, қатын, сөз

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

18045 Тіл райы

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ТАРИХЫ. БҮГІНІ. КЕЛЕШЕГІ

20770 Тіл райы

Сіздерде бәрі орысша...

4466 Тіл райы

Семейде қазақ тіліндегі жарнамалардан 70-тен астам қате табылды