Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілін тегін үйретеді

25.8.2018 3436

Жуырда ғаламтор желісінен Алматыда «AlmaClub»-ының ашылып, сол жерде қазақ тілінен тегін сабақ берілетінін естігенімде қатты қуандым. Тіл үйрету клубының негізін қалаушы Аман Кенжебайұлымен хабарласып, клуб жайында әңгіме қозғаған едік.

– Негізі осындай клубты ашу көптен ойымда жүр еді. Шыңғыс, Ислам атты достарыммен ақылдасып, бір жұма аясында іске асырдық. Сабақ өт­кізетін ғимарат та дереу табылды. Ғимартты жеңілдікпен жалға бергені үшін Достық үйіне алғысым шексіз.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Кім не десе де, болашақта бәрі қазақша болады. Сондықтан біздің азаматтар қиналмай, қысылмай қазақ тілінде сөйлеуге дайын болуы керек. Көбінесе адамдар «қате сөйлеп қоямын, акцентім бар» деп ұялып, қысылады. Ал біздің мақсатымыз – оларға анық және акцентсіз қазақша сөйлеуді үйрету.Тілді мүлде білмейтіндерге басынан бастап оқытамыз, біз оларды қоғамда қазақша сөйлетуіміз керек. Көбінесе қазақ немесе өзге ұлт өкілі қазақ тілінде нашар сөйлесе оған орыс тілінде жауап бере салады, ол дұрыс емес. Керісінше, тілді білмегендермен қазақ тілінде көп сөйлессек, оларға жақсы тәжірибе болар еді. Екі оқытушымыз бар, Ескендір және Яна деген жас мамандар. Жастары 23 және 25-терде. Ескендір – аудармашы, полиглот. Яна – заңгер.
– Кімнің әдістемесін пайдалана­сыздар?
– Қанат Тасыбековтың методикасын қолданып жүрміз.
– Клубтың жағдайы қалай? Қаты­сушылар көп пе?
– Курсқа 20 шақты адам жазылды. Әлі де хабарласып келгісі келетіндер көп. Келем деушілерге есік әрдайым ашық.
– Алда осындай клубтарды басқа да қа­лаларда ашу жоспарларыңыз бар ма?
– Жоспарларымыз көп. Әзірше осы клубты дамытқан жөн.
Айтпағымыз, елімізде тіліміздің дамуына атсалысып жүрген осындай азаматтардың еңбектері жемісін берерінен үміт мол.

Тегтер: қазақ тілі, тіл үйрету, курс, Алматы

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

4215 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

3467 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

3389 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4