Cіз қайда тұрасыз?

14 тамыз, 2018

Сабақтың тақырыбы: Сіз қайда тұрасыз?

Грамматикасы: Сұраулық шылаулар

Сабақтың мақсаты: Тыңдаушыны өз мекенжайын, көшесінің атауын айтуға, басқа адамның мекен-жайын айтуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар, интерактивті тақта, кестелер, мәтін.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгендеу.

Үй тапсырмасын сұрау.

Ауызша сұхбатты оқыту

Жаңа сабақ:

Сұраулық шылаулар сөйлемге жалпы сұрау мағынасын үстейді және олар сөз тіркесінде үндестік заңына бағынады.

Вопросительные частицы придают предложению вопросительное значение и в сочетаниях слов они подчиняются закону сингорманизма.

Сұраулық шылаулар: ма? ме? ба? бе? па? пе?

Мысалы:

Сен кинотеатрға барасың ба?Ты идещь в кинотеатр?

Сенің атың Сәуле ме?Тебя зовут Сауле?

Сұраулық шылаудың екінші түрі – ше баламалы сұрақ негізінде қолданылады.

Второй вид вопросительных частиц ше используется в качестве альтернативного вопроса.

Мысалы:

Мен кітапханаға барамын. Сен ше?

Я пойду в библиотеку. А ты?

Мен жиырма бесінші пәтерде тұрамын. Сіз ше?

Я живу двадцать пятой квартире. А вы?

Жаңа сөздер:

Астана-столица Алдында-впереди

Қала-город Артында-позади

Аудан-район Жанында-рядом, около, возле

Жағалау-берег Оң жақ-правая сторона

Шеті-край Сол жақ-левая сторона

Орталық-центр шеті- пригород

Алаң-площадь шет жағы-окраина

Даңғыл-проспект жағасы-берег

Аула-двор жағалау-побережье

Жазылым.

  • Сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
  • Сенің атың – Қайрат. -Сенің атың Қайрат па?
  • Бұл кісі – сенің әжең -
  • Сіздің пәтеріңіз 4-қабатта –
  • Сіз «Самал» ықшам ауданында тұрасыз –
  • Оның мекен-жайы: Талдықорған қаласы, 20-үй, 62-пәтер.



ЖАЗЫЛЫМ


1- тапсырма.«бе, пе, ме» сұраулы шылауларын жазыңыз.

Мынау кілт .......? Мынау сөре .......? Мынау кілем .......? Мынау сурет .......?
Мынау гүл .......? Мынау есік .......? Мынау ит .......? Мынау кесе .......?
Мынау үстел .......? Мынау мұғалім .......? Мынау бөлме .......? Мынау еден .......?

2-тапсырма . «ба, па, ма» сұраулы шылауларын жазыңыз.
Мынау қабырға .....? Мынау шкаф .....? Мынау ойыншық .....? Мынау айна .......?
Мынау жұлдыз ......? Мынау сағат .....? Мынау диван .......? Мынау оятқыш ......?
Мынау үстел шамы ...? Мынау қалам .....? Мынау ағаш ....? Мынау шанышқы ..?

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Үлгі: Мынау алма ма? Иә, мынау алма.
Мынау стақан ба? Жоқ, мынау стақан емес. Мынау кесе.

4-тапсырма . Дұрыс сөйлем құрыңыз.

Үстелде, сызғыш, төрт, жатыр.

Екі, мысық, жүр, далада.
Тұр, бөлмеде, орындық, үш.
Машина, көшеде, көп, жүр.


5-тапсырма. Сөйлеп жаттығыңыз.

Сіздің мекен-жайыңыз қандай?

Менің мекен-жайым:________________________________________ қаласы, ___________________көшесі (шағынауданы), _________үй, __________пәтер.

Сіз қайда тұрасыз?

Мен _________________________, _________үй, ____________ пәтерде тұрамын.

Сіздің үйіңіз қайда орналасқан?

Менің үйім қаланың ортасында (шетінде) орналасқан.

6-тапсырма . Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

Напишите предложения на казахском языке.

Я живу в Казахстане.Вы живете в России? Мы жили в Алмате. Они прибыли из Америки. Вы родились в городе? Я родилась в Германии. Ты живешь в Астане? Да, я живу в Астане. Он ушел в театр? Вы ходили в магазин?

Оқылым. Оқулық А1, 34 бет.

Үйге тапсырма: Жаңылтпаш жаттау. Жаңа сөздерді жаттау


Ә

Әкем Әсемге әдемі әткеншек әперді

О

Омар ора алар. Омар ора алмаса. Орал ора алар

Һ

Қаһарлы айдаһар Шаһарға келіп, қаһарланар

І

Үш кіші ішік піштім, Бес кіші ішік піштім, Неше кіші ішік піштім?

Ұ

Тұз – мұздай, Мұз – тұздай.

Ү

Күн бе? Түн бе? Түн бе, күн бе? Үкі үйінде?

Ө

Төсек үстінде төрт бөрік, Төртеуі де көк бөрік


Оқылым.

  • Сәлеметсіз бе, Бүркіт!
  • Сәлеметсіз бе!
  • Қош келдіңіз!
  • Рақмет!
  • Жұмысыңыз, отбасыңыз қалай?
  • Рақмет,бәрі жақсы.
  • Отбасыңыз туралы айтып берсеңіз.
  • Менің отбасым шағын. Менің анам, әкем және екі ағам, бір әпкем бар. Менің жұбайым бар. Оның аты – Аиша. Ол – әдемі және ақылды әйел. Менің екі балам бар. Олар сүйкімді сондай тәтті.

Нұрлан Әлімжан – әртіс, әнші, жүргізуші. Отбасы үлкен. Анасы, әкесі, жұбайы және екі ұлы, бір қызы бар. Үлкен ұлы – романтик, кіші ұлы – реалист, қызы – ерке.

Сәкен Майғазиев – әнші, продюсер. Отбасы үлкен. Он ағайынды. Бір ұлы және екі қызы бар. Жұбайы – Динара, ұлы Әділет – 18 жаста, қызы Райана – 3 жаста, Мәриям – 1 жаста.

Жауап беріңіз.

- Бүркіттің анасы бар ма?

- Иә оның анасы бар.

-Жоқ, оның атасы жоқ.

- Бүркіттің атасы бар ма?


  • Нұрланның үш баласы бар ма?
  • Бүркіттің жұбайы бар ма?
  • Бүркіттің екі ағасы бар ма?
  • Нұрланның екі ұлы бар ма?
  • Сәкеннің екі қызы бар ма?
  • Бүркіттің әпкесі бар ма?
  • Нұрланның атасы бар ма?
  • Сәкеннің бір ұлы бар ма?
  • Бүркіттің бір ұлы бар ма?
  • Сәкеннің жұбайы бар ма?

Ойын тапсырма.

Шарты:

  • Үш топқа бөлініңіздер.
  • Бір топта үш адам болу керек.
  • Барлық сөздерді қолдану керек.

Ереже:

  • 1-топтың бірінші ойыншысы бастайды.
  • 2 және 3-топтың ойыншылары жалғастырады.
  • Қате айтқан ойыншы ойыннан шығады.

Нәтиже:

  • Қай топта көп ойыншы қалады, сол топ жеңеді.

Үлгі:

Бірінші ойыншы

(1-топ)

Менің

Бірінші ойыншы

(2-топ)

атым

Бірінші ойыншы

(3-топ)

Қайрат


Баға беріңіз