Тыңдаушылардың лексикалық сөздік қорын дамытуда аударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктердің атқаратын рөлі

13 тамыз, 2018

Мақсаты:

  • сөздіктерді қолданылу арқылы тыңдаушылардың сөздік қорын дамыту;
  • үйренген сөздерді күнделікті өмірде, қызмет барысында қолдануға машықтандыру;
  • меңгерген сөздерді қазақ тілінде өзге адамға жеткізе білу дағдысын қалыптастыру.
  • сөздіктерді қолданылудың тиімділігін айқындау;
  • тіл үйретуде сөздік жұмысынорнықты жүргізу;
  • тіл үйренушініңтілін ұстартып,ойлау, сөйлеудәрежесінжетілдіре түсу.

Міндеті:

Оқулықтың басты мазмұны - тілді меңгеру процесін ұйымдастыратын тапсырмалар жүйесі - грамматикалық меңгеруге бағытталатын болса, сөздіктің мақсаты - қосымша сөздік минимумды нақты, дәл, керектісін ғана тілді оқып-үйренушіге ұсыну болып табылады.

Сөздік жұмысы – тіл дамытудың іргетасы, тіл үйренушінің жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздердің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Сөздіктермен жұмыс негізінен, әртүрлі тақырыптарға байланыстыаударма, түсіндірме және кәсіби сөздіктер көмегімен іске асатыны белгілі. Сондықтанда біз әрбір сабақтасөздік жұмысын дұрыс пайдалануға тырысамыз. Таныс емес сөздердің мағынасынжан-жақты ашып, әр сөзге нақтылы талдау жасатып, ол сөздің стилдікмүмкіндігінтиімдіпайдаланып отырамыз.

Сөздік жұмысының ерекшелігі: тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер т.б. арқылы тыңдаушының тілі дамиды, сөзді ұғу арқылы сөйлеу үстінде тілін дамытады. Сабақ барысында сөздіктерді қолданылу тіл үйренушінің ойын дамытумен қатар, тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру, өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сөздік жұмыстарын жүргізу - қазақ тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – тыңдаушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде белсенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптасады. Жалпы тіл үйрену әдістемесінде сөздік қорды толықтырудың бірнеше жолдары бар: тақырыптық топтарға бөлу арқылы сөз жаттау, мәтіндегі түсініксіз сөздерді іріктеу, өзі білетін тілдегі сөздерге ұқсас сөздерді табу, орысша-қазақша немесе қазақша-орысша ұйқас сөздер түрінде, ребус арқылы, т.б. сөздік қорларын дамытуға болады.

Тыңдаушылардың сөздік қорларын дамыту ісінде жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет болып саналады. Осы аталған міндеттерді оқытушы үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Сонымен қатар тыңдаушылардың сөздік қорын дамытуда әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулардың да орны ерекше.

Осылардың ішінде ең жеңілі – ұйқас сөздер. Жатталуы оңай әрі тез, көп күш жұмсалмайды, әрі қызықты. Сондықтан ұйқас сөздерді, яғни ұйқас сөзді аударма сөздіктерді сабақ барысында қолданған өте тиімді.

Мысалы:

Қарапайым А1 деңгейінде қазақша-орысша немесе орысша-қазақша аударма сөздіктерді қолданылуға болады.

Политика – саясат

Путешествие – саяхат

Дефицит – тапшылық

Сытость – тоқшылық

Личность – тұлға

Ежегодно – жылда

Коллектив – ұжым

Виноград – жүзім т.б.

Әрбір сөз дұрыс айтылуы, дыбысталуы керек және айтуға жеңіл көңілге қонымды болуы тиіс.

Ал түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты бір тілде, белгілі бір дәуірде, жалпы халықтық сипат алған сөздерге мағыналық, стильдік әрі грамматикалық жағынан сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму сатысындағы сөздік құрамның сан мөлшерін біршама анықтау. Себебі, тілдік даму барысында сөздердің бір тобы ескіріп, екінші бір тобы жаңадан пайда болып жатады. Түсіндірме сөздіктердің кейбір арнаулы түрлері осындай өзгешеліктерді түсіндіру мақсатымен жасалады.

Базалық А2 деңгей тыңдаушыларына «Отау көтеру», «Отбасылық дәстүр» тақырыптарында отау көтеру, отқа май құю, шашу, көрімдік, т.б. сөздердің мағынасын ашу үшін, түсіндірме сөздікпен жұмыс жасалынды.

Сонымен қатар бүгінгі күні қазақ тілінкәсіби өз мамандықтары бойынша меңгерту талап етілуде. Ол үшін тыңдаушы кәсіби сөздерді және өз саласына қатысты терминдерді білуі тиіс. Бұл жағдайда біз кәсіби сөздіктерге сүйенеміз. Мұндағы басты мақсат – өз кәсібіне немесе атқарып отырған қызметіне, мамандығына қатысты сөздерді үйренумен сөздік қорын байыту, қазақ тілінде өзге адамға өз ойын кәсіби тұрғыда жеткізе білуге дағдылану.

Тіл үйретуде сөздік жұмысынорнықты жүргізу тіл үйренушініңтілін ұстартып,ойлау, сөйлеудәрежесінжетілдіре түседі.

Жалпы сөздіктерді қолданылу мынадай міндеттерді орындауды қажет етеді:

1. Тыңдаушылардың сөздік қорын байыту, яғни белгілі бір сөздердің мағынасын түсіндіру, жаңа сөздер үйрету;


2. Белгілі және жаңа сөздерді қолдану, пайдалану аумағын, көлемін көбейту, үйренген сөздермен салыстыру арқылы жаңа контексте пайдалану;


3. Сөздің стилистикалық рөлін және лексикалық категориясын бақылау арқылы үйрету;


4. Байланыстырып сөйлеуге көркем сөздерді пайдалану, оның грамматикалық тұлғаларын аңғарту, өмірмен байланысты жүргізу;


5. Синоним, антоним, көп мағыналы сөздерге талдау жасау, астарлы сөздердің мағынасын нақтылау;


6. Тыңдаушылардың сөйлеу қорына әдеби тілге жатпайтын сөздерді ендірмеу, артық сөздерді қолданбауға үйрету, сөздерді дұрыс айтуға қол жеткізу;


7. Сөз байланыстарын қолдануға мүмкіндік жасау, яғни әрбір тыңдаушы сөйлегенде, сөйлем құрағанда мүмкіндігінше жаңа сөз қосып отыру.

Қазақ тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, тақырыпқа сай көрнекі құралдар пайдалану, түрлі суреттер, кестелер және оқулықпен, мәтінмен,аудармамен жұмыс сияқты әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Яғни, оқытушы әр сабақ сайын өз тыңдаушыларымен тілдесім, оқылым, тыңдалымға арналған тапсырмаларды жүйелі меңгертіп, көру (бейнесюжеттер) арқылы өткен материалдар бойынша сұхбат құрып, олардың көрген-білгені жөнінде сұрап отыруы тиіс. Тіл үйренушінің сөйлеу тілі бай болған жағдайда сол көргенін немесе тыңдаған материалының мазмұнын рет-ретімен ашуға көңіл бөледі. Осы ретте тыңдаушының жасына, атқаратын қызмет түріне немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, курс бағдарламасына сәйкес әртүрлі тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен қабылдап, жақсы нәтижеге қол жеткізетіні сөзсіз.

Қорытындылай келе, тіл үйретуші мен тіл үйренушінің арасындағы қарым-қатынас тек дайын материалды алу, меңгеру, үйренумен ғана шектелмеуі қажет. Себебі сабақ беру барысында мемлекеттік тілді үйренушілердің талабы оқулықта берген материалды игеру емес, одан әрі тілді терең үйрену қабілеттерінен, күнделікті тұрмыста ауызекі сөйлеу мәнерінен көрінеді.

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің алға шарттарының бірі бұл – оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі. Ал бұл тұрғыда сөздіктердіктерді тиімді қолданылу арқылы сөздік қорды байыту үлкен нәтижеге жеткізері анық.


Баға беріңіз