«Мемлекеттік тіл – татулық тірегі»

« .... Мемлекеттік тілді дамыту – мବңыз¬ды басымдық болып қала¬ды. Біз¬дің мақсатымыз – Қа¬зақстанның барлық азамат¬та¬ры¬ның мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу!» Нұрсұлтан Назарбаев

13 тамыз, 2018

« .... Мемлекеттік тілді дамыту – ма­­ңыз­ды басымдық болып қала­ды. Біз­дің мақсатымыз – Қа­зақстанның барлық азамат­та­ры­ның мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу!»

Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстандықтардың қазақ тілін толыққанды меңгеруіне қолдау көрсету бағытында мемлекеттік тіл саясатын негізге алу Қазақстан Республикасында «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапқан. Осы бағыттағы мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтудегі игі бастамаларды ұйымдастыру мен атқару «Арқалық қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығында» жүйелі жолға қойылған. Себебі мемлекеттік тілді оқып-үйрену, меңгеру – Қазақстан азаматтарының парызы мен міндеті саналып, бәсекеге қабілеттілігі және қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болып табылады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде кеңінен қолдануылына қажетті жағдай жасауға ат салысу, оның қоғамдық аясын кеңейтуге, тіл мәдениетін арттыруға көмек беру үшін өткізілетін мәдени – көпшілік шаралар, тыңдаушыларға тілді оқып – үйренуге қажетті оқулықтармен, анықтамалық құралдар, сөздіктер, өз бетімен оқып – үйренуге арналған тілашар - тілдескіш көрнекті құралдары оқыту орталығы жұмыстары ішіндегі ең бастысы болып табылады. Себебі, мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз. Өйткені тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады.

Қазіргі таңда біздің орталықта бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті мемлекеттік тілімізді меңгеруде. Тілді үйрену - өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу ұлт ділін, қасиетін, мінезін, ой, жан – дүниесін, сырын білу, халықтық мәдениет пен дәстүрді жаңғырту екенін, яғни мемлекеттік тіліміз - татулықтың тірегі болатынын естен шығармайық.

Сондықтанда қазақ тілінің мерейін асқақтатып, туған тілдің тұғырын биіктетуге мол үлес қосайық.


Баға беріңіз