Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл - ұлттың жаны

13.8.2018 2361
Қазақ тілі курсы тыңдаушыларының арасында өткен сайыс сабақ

Тақырыбы: «Тіл – ұлттың жаны» сайыс сабағы.

Мақсаты:

  • мемлекеттік тілді құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру;
  • тыңдаушылардың білімге деген құштарлықтарын арттыру, сөздік қорын молайту, өз ойларын дұрыс жеткізуге дағдыландыру;
  • елімізді, ана тілімізді, Отанымызды сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: маркерлі тақта, интерактивті тақта, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, жүрек, стикерлер.

Сабақтың түрі: сайыс сабағы.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу,т.б.

Барысы:

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы-

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.

2. «Жүректен жүрекке» тренингі.

3. Топтарды таныстыру.

Мұғалімнің сөзі:

Сәлеметсіздер ме құрметті тыңдаушылар. 22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тіл – ұлттың жаны» тақырыбындағы сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Конституциясында белгіленген өз мемлекеттік тілі бар. Ол - әрине, қазақ тілі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы - тілді білу, құрметтеу болып табылады. Себебі тіл қай халықта болмасын қастерлі ұғым. (слайд көрсету)

Ендеше бүгінгі сайыс сабағымызды бастайық. Тыңдаушылар, сіздерге сәттілік тілеймін! Бізде бүгін 2 топ сайысқа түседі.

Олар:

  • «Сөзтаным» тобы және топ мүшелері өздерін таныстырады
  • «Сөзстан» тобы және топ мүшелері өздерін таныстырады

Мұғалім:

Көп рахмет. Енді сайысымызды бастайық. Бүгінгі сайыс сабағымыз 4 кезеңнен тұрады.

1 – кезең: «Білгенге маржан» (1 слайд)

2 топ қатысушыларына ҚАЗАҚСТАНЫМ сөзі беріледі сол сөзден 5 минут ішінде бірнеше сөз құрау.

2 – кезең: «Жеті жұрттың тілін біл». (әр топқа 10 сурет) (2 слайд)

Тақтада суреттер берілген суреттердің қазақша, орысша, ағылшынша атауын атау.

3 – кезең: «Сен білесің бе?» (3 слайд)

Әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылады. (әр топқа 10 сұрақ)

4 – кезең: «Сөзтапқыш» (әр топқа 5 сөз). (4 слайд)

(суреттегі бейнені бейнелеп көрсету).

1 – кезең: «Білгенге маржан» (1 слайд)

ҚАЗАҚСТАНЫМ 5 минут ішінде бірнеше сөз құрау.

2 – кезең: «Жеті жұрттың тілін біл». (әр топқа 10 сурет) (2 слайд)

«Ақыл-ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті» деген екен Ғ.Мүсірепов. Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні. Сондықтан да қазіргі заман талабына сай бірнеше тілді білу қажет. Қазақтан шыққан өткір ойлы, жан-жақты ғұлама ғалым, тарихшы, әдебиетші, саяхатшы Ш.Уәлиханов 8 тілде еркін сөйлеген. Біздің бүгінгі сайысмызға қатысушы тыңдаушыларымызда үш тілді меңгерген. «жеті жұрттың тілін біл» атты 2 – кезеңнің шарты: тақтада көрсетілген суреттердің қазақша, орысша, ағылшынша атауын тауып айту.

1-топқа:

  • Қол – рука – hair
  • Теңіз – море – sea
  • Жапырақ – лист –
  • Гүл – цветок – flower
  • Пияз лук – onion
  • Кітап – книга - book
  • Сағат – часы – Watch
  • Доп – мяч – ball
  • Алтын – золото – gold
  • Ірімшік – творог -

2-топқа:

  • Қасық – ложка
  • Су – вода – water
  • Киімдер – одежда

2.Орындық – стул

3.Үй – дом

4.Сыйлық – подарок

5.Балалар – дети

6.Алма – яблоко

8.Сүт – молоко

9.Күн – солнце

3 – кезең: «Сен білесің бе?» (3 слайд)

Әртүрлі тақырыпта сұрақтар қойылады. (әр топқа 10 сұрақ)

1-топқа:

  • Көп тілді білетін адам?
  • «Алтын адам» қайдан табылды?
  • ҚР Конституциясы қашан қабылданды?
  • Қазақстанда қанша облыс бар?
  • Қазақтың атақты палуаны кім?
  • Қаңтар айы жылдың нешінші айы?
  • 8-наурыз қандай мереке?
  • «Сұлу» сөзінің синонимі?

6.Қазақстан Республикасының Елтаңбасының авторлары кім?

8.Сағат қанша уақыт көрсетіп тұр?

2-топқа:

  • 30 тамыз қандай мереке?
  • Қазақстан қандай мемлекеттермен шектеседі?
  • Қазақстан әнұранының авторлары кім?

2.Сәуір айы жылдың нешінші айы?

3.Қазақ әліппесінде қанша әріп бар?

4.Қазақтың ұлттық аспаптарын ата?

5.Астана, Алматы, Павлодар, Семей бұл не?

6.Сағат қанша уақыт көрсетіп тұр?

8.Аптаның соңғы күні

9.Астана қаласы Қазақстан астанасы қай жылы болды?

4 – кезең: «Сөзтапқыш» (әр топқа 5 сөз). (4 слайд)

(суреттегі бейнені бейнелеп көрсету).

1-топқа: балық, ағаш, құстар, компьтер, сатушы

2-топқа: мұғалім, аю, ұшақ, сабын, телефон.

Қорытынды:

Мұғалім:

Бүгінгі сайысымызда екі топта өздерінің білгірліктерін, шапшаңдықтарын ең алдымен қазақ тілін қаншалықты білетіндіктерін өз деңгейлерінде көрсете білді. Бұл сайыста екі топта тең түсті, яғни достық жеңді дейміз. Сіздерге көп рахмет.

«Туған тілім- тіршілігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сөз ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» - депхалық жазушысы

Әбділда Тәжібаев айтқандай қазақ тілі қазақ елінің мемлекеттік тілі болып саналатындықтан осы тілді бойтұмарымыздай сақтап, қадірлеу құрметтеу сіздер мен біздердің, яғни баршамыздың міндетіміз.

Сабақ соңында тыңдаушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсіп тарқасты.


Тегтер:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

484

ақпарат

Атауларға абай болайық

567

ақпарат

Екібаста бір тіл

617

ақпарат

Қазақ тілінде оқымаса, не үшін мектеп салдық?!