Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілінің мәртебесін қалай көтереміз?

21.5.2018 9779

Əлеуметтік желіде Оғыз Доған бауырымыздың ана тілімізге байланысты қадамдары əр-түрлі пікір туғызды.

Кейбір азаматтар мемлекеттік тіл мəселесін тағы сан-саққа жүгіртіп жатыр.
Мемлекеттік тіл өзінің заңды статусына қол жетпей, елімізде əлеуметтік-рухани даму болмайды, ол анық.

Ал қазақ тілінің заңды статусына іс жүзінде жету үшін не істеу қажет?

Бірінші, балабақшалар тек мемлекеттік тілге көшірілуі қажет.
Екінші, еліміздегі аралас мектептерді біртіндеп ана тілімізге көшіру өзекті. Төртінші сыныпқа дейін тек қазақ тілінде бағдарлама жасап, төртінші сыныптан бастап басқа тілдерді де оқытуға болады. Жоғарғы сыныптарда кейбір пəндерді ағылшын, орыс тілдерінде жүргізуге болады.
Үшінші, халыққа қызмет ететін ұйымдарда қызмет қазақ жəне басқа тілдерде жасалуы заң жүзінде қарастырылуы керек.
Төртінші, мемлекеттік тіл жөніндегі инспекция ұйымдастырылып, заңды тұлғалардың мемлекеттік тілді дамыту мəселесін бақылап отыруы қажет.

Ең негізгісі, мемлекеттік тіл жөніндегі заң қайта қаралып, осы пункттер енуі керек.
Бүгінде, қоғамның ана тіліне деген сұранысы жоғары жəне өсе береді.
Бұл бүгінгі күннің өзекті мəселесі.
Оғыз Доған жалғыз емес, ана тілінің дамуы жастардың, орта буын өкілдерінің мұң-мұтажы.
Сондықтан, бұл мəселенің өзектілігі арта береді.
Осы күн тəртібіне зайырлы жауап іздеу керек.
Бұл анық...


Тегтер: қазақ тілі, мемлекеттік тіл, Оғыз Доған, ақын

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

4277 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

3522 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

3452 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4