Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ мектебі тек қазақша оқуы тиіс

15.5.2018 3606

"Жоғары сынып оқушыларына кейбір жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға қарсылар оны бір-екі айлық курсқа барған мұғалімдер дұрыс түсіндіре алмайды, балаларымыз не анда жоқ, не мында жоқ білімсіз болып қалады ғой" – дегенді басты уәж ретінде ұстанады. Бұл егер ағылшыншаға жүйрік мұғалім келіп әлгі пәндерді балаға ағылшынша ұғындыра алса көп ата-ана келісе беретін сияқты. Меніңше бұл өте қауіпті құбылыс. Егер мұндай қадам бүкіл қазақ мектебін қамтитын болса, одан келетін кесапат ең алдымен біздің қазақ тіліне тиеді. Жаратылыстану саласында ғылым тілі дамымай қалады. Кеңес дәуірінде Алаштан кейін адымы ашылмай Еуробағытқа бас қойған қазақтың ғылым тілі мынадан кейін дамуын мүлдем тоқтатайын деп тұр. Бұл - бір. Екіншіден, мұны реформа деп ұсынып жүрген білім жүйесіндегілер "ағылшын тілін білген баланың миы артық болады, жаратылыстану пәнін ағылшынша оқыған оқушының ойы жүйрік болады", деп ойлайтын болса керек. Бұл қате. Шет тілін немесе екінші тіл білген баланың тек ақпарат алу мүмкіндігі ғана артады. Тілден тілдің кемдігі болмайды, оны кеңейту қолданушының өз қолында. Мәселен, физикадағы «Ом заңын» орысша оқы, ағылшынша оқы бәрібір ол сол «Ом заңы» күйінде қалады. Ал ана тілінен алыстаған баланың ертең ұлт ұланы болуы өте қиын. Сонда біз жаратылыстану пәнін жаппай ағылшынша оқыту арқылы ұлтқа екі үлкен қатер әкелгелі отырмыз:

1. Қазақ тілінде ғылым тілінің дамуына, термин қорының толығуына тосқауыл қоямыз. Ал бұл – тілдің өмір сүру формасын тежеу, тоқтату деген сөз.

2. Жаратылыстану саласында ана тілінде, оқып жаза алатын мамандар, ғалымдар бірте бірте түгесіп, жоқ болады, қазақ кеңістігін ұлттың қадір-қасиеттен жұрдай, рухани құндылықтардан материалдық дүниені жоғары қоятын, барлығына тек тауар ретінде ғана қарайтын космонолиттенген ұрпақ жайлай бастайды. Сөйтіп ана тілінің қадірін қолдан қашыру арқылы, ұлттың жойылуына қарай бағыт ала бастаймыз.

Тілдің екі жүзден аса анықтамасы бар. Алғашқысы, тіл - қатынас құралы деп басталады. Ал бала үшін ана тілінің, қазақ үшін ұлт тілінің, қазақ елі үшін мемлекеттік тілдің анықтамасы бұдан мың есе кең. Қазақ тілі қазақ мәдениетінің сақталатын орны, жеткізетін құралы. Қазақ тілі ұлттың ұлт ретінде сақталуының кепілі, тарихы, болмысы. Қазақ тілі ұлттың ішкі мазмұны, яғни - өзі.

Қазақ мектептерінің саны өсіп, түлектер саны 80 пайызға жетіп өзі-ақ төменнен түзеліп келе жатқан оң үдерісті қолдаудың орнына ішінен бүлдірмекпіз. Бұл қалай?..


Тегтер: мектеп, қазақ тілі, ағылшын тілі, жаратылыстану пәндері

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

6332 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

5436 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

5327 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4