Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Тіл – ұлттың жаны

16.4.2018 27144

Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлы­ның: «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» деп көрегендікпен айтылған сөзіне бүгінде жер бетінен мәңгілікке жойылып кеткен біршама ұлттардың тағдыры куә.

Кешегі ұлылардың сенімін ақтап, тіл бірлігін жалғастыруда барлық күш-жігер, жауапкершілік алдымен бүгінгі жастарымызға түсетіндігі айдан анық. Ал біз осынау абыройлы ­парызды қаншалықты атқарып жүрміз? ­Пайымдап көріңізші. Өзгелерге еліктеп, өзінің ана тілін мансұқ етіп жүрген жастарымыздың қатары аз ба?

Тілі енді шыққан бүлдіршінге басқа тілді мультфильмдерді көрсетіп, орыс балабақшасына беруді дағдыға айналдырған өзіміз болсақ керек. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, бірақ қоғамдық көлікте Өтегенді «атаген» деген жастарды көргенде, ішің удай ашиды. Бүгінде еліміздің әр аймағында тілді дамыту тұрғысында біршама істер жүзеге асырылып келе жатқандығын да ескерген жөн.

Тіл – қашанда ұлттың ұйтқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың еге­мендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік мең­геруіне толық мүмкіндік те бар. Өзге тіл­дің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтеу үшін, ең алдымен, тілді білуге деген қажеттілік туындауы керек деп ойлаймын. Екіншіден, әрбір адамға тілді үйренуге деген ниет пен білім қажет. Ананың сүтімен бойға дарыған туған тілді құрметтеу – ең қымбат, ең асыл қасиеттердің бірі. Ал осы қасиеттерді жасөспірімдердің ­бойына сіңіріп, қазақ тілінің мәртебесіне ­сызат түсірмеу баршамыздың жұмыла көтерген жүгімізге байланысты.

Жалпы тіл мәселесіне келгенде әрқайсымыз жауапкершілік танытуымыз керек. Өйткені мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіру жолында мұндай жауапкершілік болмаса, қолға алған істеріміздің нақты мақсатқа жетуімізге айтарлықтай кедергі келтіреді. «Тіл тұғыры — ұлт тұғыры» екенін естен шығармауымыз керек. Әсіресе, кейінгі жастар қазақ тілін үйренуге, қазақ тілінде сөйлеуге жетік мән берсе деп ойлаймын. Себебі жастар — елдің келешегі. Ел келешегі тек қана экономикалық жетістіктермен ғана емес, мәдени-рухани қазыналарымызбен де айқындалып, тұғырлана түсері хақ. Олай болса, жастарымыз тіл мәселесіне келгенде сергектік танытып, жанашырлықпен қараса, игілікті іс болар еді.


Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы, тіл, қазақ тілі, ұлт

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

7468 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

6462 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

6321 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4