Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Келешекке нық қадам

29.3.2018 3144

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында қазақ жазуының 2025 жылы толығымен латын әліпбиіне көшетіні туралы айтқан болатын. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша елімізде әртүрлі шаралар ұйымдастырылып, қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазақ жазуы бірнеше реформадан өткені белгілі. Араб әріптеріне негізделген төте жазу, одан соң латын әліпбиі, бүгінге дейін қолданып келе жатқан кириллица қазақ тілінің рухани дамуына, қазақ халқының сауат ашуына үлкен септігін тигізді. А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедов, Н.Төреқұлов және басқа да Алаш азаматтары қазақ әліпбиінің тарихын қалауға атсалысты.

Жазу – сауат ашу құралы ғана емес, қоғамды жан-жақты дамытатын негізгі құрал. Латын әліпбиіне көшу жаhандану белең алған қазіргі кезеңде әлем жұртшылығымен тығыз байланыста болу үшін қажет. Өйткені латын әліпбиіне көшу халықаралық компьютер тілінде кез келген мемлекет азаматтарымен еркін сөйлесуге жол ашады. Сонымен қатар өзге елде тұрып жатқан қандастарымыз үшін де тиімді. Олар Қазақстан халқымен, басылымдары мен кітаби туындыларымен емін-еркін сусындай алады.

Президентіміз өзінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасында латын әліпбиіне өту мәселесіне айрықша тоқталды. Латын әліпбиінің Елбасы мақұлдаған жаңа жобасы бекітілді. Осы орайда О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің ұжымы да қызу жұмысқа кірісіп кетті. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жан-жақты мәлімет алды. Колледждің оқушыларымен бірнеше тәрбие сағаттары жүргізілді. Оқытушылар алдағы уақытта болашақ көрмелерінің тақырыбын латын әліпбиіне арнап өткізуді жоспарлап отыр. Кәсіби оқулықтарды латын әліпбиінде шығару жобасы да қолға алынуда. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарға зер сала отырып, мақсатымыздың айқын екендігіне көз жеткізе аламыз.Осы орайда айтпағым, латын әліпбиіне көшу – Қазақстанның әлемдік жаһанданудан артта қалмай, жан-жақты дами түсуіне септігін тигізері сөзсіз.


Тегтер: әліпби, латын графикасы, жаңа нұсқа, алфавит

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

4215 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

3467 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

3389 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4