Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қателесуге хақымыз жоқ

26.2.2018 4260

Латын әліпбиінің соңғы үлгісі көпшіліктің көңілінен шыққан сияқты. Бірақ әлі де көңілге қонымсыз тұстарары бар. Шыныда да Sh (Шш) диграфын қолдансақ «Асхатты» «ашат», «асхананы» «ашана» деп оқуымыз керек пе? Кейбір пікір білдіргендердің 25 нөмірдегі ұ және 29 нөмірдегі уәріптерінің орынын ауыстыру керек дегені орынды. Барлық еуропалық және түрік тілінде Uu кириллицадағы у сияқты дыбысталады. Бұл жерге кері тартып «қазақи ереже» ашсақ ертең шет тілін оқып жүрген мектеп оқушыларының басын қатырамыз.

Жоғарыда мен «Жас Алаш» газетінің 13 ақпанда жарияланған «Ойдан ереже шығармайық» деген мақаламдағы нұсқамды келтіріп отырмын. Бұл түркі және еуропалық тілдердегі латын жазуларын талдау негізінде жасалды. Біздің әліпби түркі халықтарына да, Еуропаға да, мектеп оқушыларына да ұғынықты, қолайлы болуы керек. Латынның Hh әрпін қазақтың Һһ, Хх әріптеріне сәйкес қолдануға болады. Өйткені «қаһарман», «һәм» сияқты араб, парсы тілдерінен кірген сөздерде қолданылыатын һ қазақтың төл дыбысы емес.

Алда әлі де күрделі мәселелер туындайды. Мысалы латын жазуына негізделген түрік және батыс баспасөзі ағылшынша топонимдер мен адам есімдерін өзгертпей беріп жүр. Мысалы, Washington – Вашингтон (негізі, бұл орысша айтылуы, қазақша айтылуы ағылшын тіліндегіге ұқсас «Уошиңтон» болуы керек шығар»), Beijing – Бейжиң («Пекин» емес), Henry – Хенри («Генри» емес). Ал біз жаңа әліпбиде Трамптың есімін қалай жазуымыз керек – Trump па, әлде Tramp деп жазамызба?

2017 жылдың 22 қыркүйегіндегі Парламет отырысында көрнеті мемлекеттік қайраткер Қасымжомарт Тоқаев қазақ тілін латын жазуына көшіруді жан-жақты ойланып, асығыссыз, «үлкен секіріссіз» жүзеге асыру керек деген еді. «Ең бастысы, біздің қателесуге хақымыз жоқ» деді ол сол жолы. Көреген саясаткердің осы сөздерін есте ұстасақ екен.


Тегтер: латын графикасы, жаңа әліпби, қаріп, алфавит

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

4215 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

3467 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

3389 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4