Мемлекеттік тілді оқытуда тиімді әдістерді қолдану тәсілдері

Tilalem.kz

Tilalem.kz

15 қараша, 2017

Тілді оқытуда ең басты нәрсе – ол лексикалық минимумды меңгерту және оның сөйлеу тілінде еркін пайдалана алу. Осы себепті, тіл үйренушілерге лексикалық минимумды меңгерту жолы психолингвистикамен тікелей байланысты болуы тиіс. Бұл дегеніміз – тіл үйренушіге сөздік қорды түрлі әдістерді қолдана отырып, астыртын түрде меңгерту. Сондай әдістердің тиімділері:

* Сурет

* Сөз сипаттамасы

* Сөз мағынасы

* Қимыл-әрекет

* Аударма

* Тақырыптық кесте

* Сөздер жиынтығы

* Жасырын сөз арқылы түсіндіру

Ұсыныс:

1. Белгілі бір лексикалық минимумдағы сөздік қорды меңгертуге арналған қосымша әдістемелік оқулық шығару. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына байланысты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқулықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі, негізгі сөздік қор негізгі оқулықта меңгерілген.

Грамматикалық минимум – тілдің қаңқасы. Тіл үйренуші өзі меңгерген сөздік қорды белгілі бір грамматикалық құрылым арқылы тілдік қарым-қатынасқа шығаруы тиіс. Ол үшін тілдегі грамматикалық минимум дайын күйіндегі құрылым ретінде берілуі тиіс. Сондай-ақ, грамматикалық минимумды меңгертуде, ең алдымен, жаттығулар жүйесі орын алуы тиіс те, ал теориялық түсіндіру соңында жүруі тиіс.

Ұсыныс:

1. Арнайы грамматикалық тақырыпқа арналған және грамматиканың қарым-қатынасқа жұмыс істеуіне көмек беретін қосымша әдістемелік оқулық шығару. Оқулықта бір грамматикалық құрылым бойынша көптеген тапсырмалар берілуі тиіс және тапсырмалар сол грамматиканың жан-жақты қолданысын кеңінен беруі тиіс. Аталған оқулық негізгі оқыту оқулықтарына байланысты болмауы тиіс. Ол дегеніміз – әр түрлі авторлық оқулықпен оқыған тіл үйренуші қосымша әдістемелік оқулықтағы тапсырмаларды өз бетінше орындай алады. Себебі, негізгі грамматикалық минимум негізгі оқулықта меңгерілген.

Қазіргі таңда тілді оқытуда және сабақ үрдісінде жұмыс істеу үстінде тап болатын қиыншылықтардың бірі – мәтін мәселесі. Себебі, қазақ тіліндегі кез-келген мәтінді тіл үйренушіге түпнұсқа күйінде бере алмаймыз. Оның себептері:

1. мәтінде күрделі тілдік орамдар;

2. қиын грамматикалық құрылым;

3. мағынасы терең және жан-жақты лексикалық сөздер

кездеседі. Сол себепті, қазақ тіліндегі мәтіндерді оқыту мәтініне айналдыру керек. Ол үшін:

* Мәтінді өңдеу

* Мағыналас сөздермен алмастыру

* Сөйлемдерді қысқарту

* Грамматиканы ықшамдау

* Сурет пайдалану

* Қызық мәтіндер табу

жұмыстарын қолға алу керек.

Ұсыныс:

Өңделген тақырыптық мәтіндер жинағын шығару. Ол үшін:

1. Белгілі бір шығарманы алу

2. Деңгей бойынша өңдеу

3. Бір деңгейде бірнеше автордың шығармасы болуы мүмкін.

4. Деңгейге бөлу А1- С1 ге дейін

5. С1 деңгейінде мәтіннің тұпнұсқасы беріледі.

Аталған жинақ тек ересектер емес, сонымен қатар мектеп оқушыларына да арналып шығарылуы тиіс. Осы жұмыстың арқасында қазақ тілін үйренушілерге қазақ әдебиетін насихаттау және оқыту мүмкіндігі туады.

Тыңдалым – тілдің мазмұнын түсіну, сол арқылы өз ойын білдіруге арналған әдістердің бірі. Соған байланысты, қазіргі таңда қазақ тілін оқытуда тыңдалым материалдары аздау, болған күнде арнайы бір тақырыпқа сай келмейді. Сондай-ақ, технология заманы болғандықтан мобильді қосымшалардағы тыңдалым материалдар арқылы тілді меңгертуге болады.

Ұсыныс:

Мобильді қосымша бағдарламалары арқылы тақырыптық тыңдалым материалдарын кеңінен шығару. Себебі:

1. Уақыт жағынан тиімді, тіл үйренуші кез*келген бос уақытында қолдана алады;

2. Әлемнің кез-келген түкпірінде, тіпті, интернет байланысты болмаған жағдайда қолдана алады.

Тыңдалым материалын берудің қысқаша сипаттамасы:


Баға беріңіз