Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Латын әліпбиін қоғам қолдап отыр

14.11.2017 3816

Жалпы, қоғамымыз үшін сая­сатта болып жатқан қай жаңа­лық болсын өз орны бары даусыз. Әйтсе де, қазақ тілінің латын әліп­биін қабыл­дауы ұлттық лингвисти­ка тарихында екі дәуірде екінші рет орын алып отыр.

ХХ ғасыр басында «Алашым» деген ұлт зиялылары қолданған, кейін солақай саясаттың құрба­нына айналған латын графикасы жа­ңа дәуірде жаңа нұсқада қайта қол­данысқа енетін болды. Бұл Елба­сы­ның ұзақ жылдар жүр­гізген сарабдал саясатының ай­тулы тұсы екенін қоғам түгел­дей түсініп, бір­ауыздан қол­дап отыр. Қазір қала мен далада тұратын халық түгелдей саяси тұрғыда өте сауат­ты. Мұның бір айғағы латын графикасының нұс­қасын бекітудегі қызу, жан-жақ­ты талқылаулардың болуынан айқын көрінеді.

Өткен жылдармен салыстырар болсақ, соңғы кезеңде қоғамда латын графикасын қолдану қажеттігі жылы қабылдана бастағандығын көруге болады. Оның мемлекеттік тілді меңгеруде ғана емес, сонымен қатар цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын өркендетуде де тиімді болатыны анық.

Латын графикасын кеңінен қолданысқа енгізу оңай әрі жеңіл десек, қатты қателескен болар едік. Өйткені жаңа графиканы үйрететін тиісті жүйе енді қа­лыптасады. Ең бас­тысы, бізге Ел­басы жаңа нұсқаны бе­кітіп берді. Бұл нұсқада 32 әріп бар. Қазақтың төл дыбыстары апос- троф арқылы белгіленген. Жаңа нұсқа халық арасында қолдау тауып, ең қиын асуды аттап өт­тік де­се де болады. Елбасы та­ра­­­пынан ал­дымызға қойылған мін­­деттерді орын­дай алсақ, онда біз­­дің тәуелсіз елі­міз үшін алынбай­тын асу, бағын­ды­рылмайтын бе­лес жоқ деп айтуға болады. Қа­зақстанның латын графика­сын қабылдауы – бұл үлкен же­­тістіктердің кілті. Ол – бізді тек би­ікке жетелейтін жол. Ол – Қазақ­стан­ның, қазақ тілінің, қа­­зақ ру­хының Мәңгілік Елімен бір­ге жа­сауының басты кепілі болмақ.

Тегтер: латын алфавиті, латын әрпі, латын әліпбиі, рухани жаңғыру

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

6195 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

5313 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

5210 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4