Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қарыштап дамуымызға қажет

26.10.2017 3465

Қарыштап дамуымызға қажет Латын әліпбиіне көшу – Елбасының аса бағалы бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған, тіліміздің болашағы үшін жасалған қадам. Шынымен де, технологиялық, жаһандық заманда Қазақстанның латын графикасын таңдауы – мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешім деп ойлаймын. Сол себептен бұл мәселе көпшіліктің қолдауына ие болып жатқанын көріп отырмыз.

Жақында ғана халықтың талқысына ұсынылған жаңа нұсқада қазақтың төл әріптерінің белгіленгенін ерекше атап өтуге болады. Алдыңғы нұсқа бойынша сыни көзқарастар ескеріліп, назарға алынғандығы байқалады. Сондықтан әліпбидің соңғы нұсқасы жастардың көңілінен шыққанын мен сеніммен айта аламын. Жастар ұялы телефон пайда болғаннан бері, СМС-хабарламаларды, әлеуметтік желідегі ақпараттарды латын қарпімен алмасып жүргендіктен, жаңа әліпбиді меңгеру кейінгі буынға аса қиындық туғызбайды деп ойлаймын.

Жастардың заманауи латын қарпінде өз тілін меңгеруі, оны жаһан жұртшылығына паш етуі дұрыс қадам деп есептеймін. Жаһандану үдерісі қатты қарқын алған бүгінгі таңда ақпарат алмасу, ғылымның түрлі саласы дамыған сайын өзінің ұлттық құндылықтарын жаңа өмірге бейімдеп, бәсекеге қабілетті мемлекет қалыптастыру, оны өрге сүйрейтін отаншыл ұрпақ тәрбиелеу – қоғамның басты бағдары. Жалпы, латын қарпіндегі әліпбиге көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашып, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен жақындасуына мүмкіндік береді. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді қадамдар басталмақ. Ең бастысы түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуімізге латын тілі алтын көпір болмақ.

Қиындықсыз, кедергісіз шаруа бітпесі анық, бірақ біз осының бәрі болашақ үшін зор прогреске, прагматикалық ілгері басушылыққа апаратынын түсіне білуіміз керек.


Тегтер: латын алфавиті, жаңару, жастар, даму

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

6195 Толғаныс

"Қазақ тілінде сөйлемесе, ол менің балам емес"

5313 Толғаныс

Барым да, бағым да - қазақ тілі

5210 Толғаныс

Кофе және әдебиет 4