Қаз Latقاز        
Кіру
Кіру тіркелу
Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жаңа емле ережелерін көпшілікпен талқылау өтуде

10.10.2018 195
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы үстіміздегі жылғы қазан-қараша айларында Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің облыс орталықтарында «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілікпен талқылау» тақырыбында әртүрлі әлеуметтік топ өкілдерінің арасында ақпараттық-насихаттау шарасын ұйымдастырады деп жоспарланған болатын.

Игі шара 2018 жылғы 9 қазан күні Астана қаласы Еуразия гуманитарлық институтынан бастау алды. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы № 637 жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылып отырған шараны институттың профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттері зор құлшыныспен қабылдады.

Кездесуді Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Әбілжанұлы Ахметов жүргізді, ал Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Ердембекұлы Тілешов ақпараттық-насихаттық сипаттағы баяндама жасады. Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова болса жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіріп, емледегі басты жаңалықтармен бөлісті.

Бұл шара Астана қаласының жоғары оқу орындары мен мекемелерінде, қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің өзге өңірлерінде өз жалғасын табады.

Тегтер: Тіл-Қазына, латын, қазақ тілі
Авторы: "Тіл әлемі.кз" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

0 0

ақпарат

Ұлттық ономастика мәселелері Павлодарда талқыланады

25 0

ақпарат

Елордалықтар жаңа емле ережесін талқылады

2 0

ақпарат

​«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» акциясы