Ілеспе аударма: таным мен тәжірибе
Сипаттама
Ел мен елдің қарым-қатынасын, өркениеттің дамуын қамтамасыз ететін факторлардың бірі – аударма. Қазақстанның ұстанып отырған саясатына сәйкес, халықаралық қатынаста аудармаға, оның ішінде аударманың жоғары деңгейі – ілеспе аудармаға деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Ұсынылып отырған еңбек осы мамандықтың қыр-сырын ашып көрсетіп, талап-керлерді тәрбиелеуге арналған. Ілеспе аудармашыға қойылатын талап деңгейі күн сайын арта түсуде. Осы жағдайды ескерген автор оқырманды ілеспе аударма жасаудың теориялық негіздерімен таныстыра отырып, талапкерлерге көмек ретінде өзі ілеспе аударма жасаған кезде сынақтан өткізіп, дұрыстығына көз жеткізген мысалдарды ұсынады. Аударматану теориясын дамытуға үлес болып қосылатын бұл еңбек бекзат өнер – ілеспе аударманы игергісі келетіндерге, аударматанушыларға, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен аудармашы болуды қалайтын талапкерлерге арналған.