Туған тіл
Сипаттама
Бүгінгі таңда Қазақстаннан тыс жерлердегі қазақтардың жалпы саны - 5 миллионнан асады. Олар әлемнің қырықтан астам елінде тұрып жатыр. Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша Өзбекстанда 1,5 миллион, Қытайда 1,5 миллион, Ресейде 1 млн-ға жуық, Түркіменстанда 80 мың, Моңғолияда 140 мың, Қырғызстанда 45 мың қазақ бар. Сондай-ақ, Иран, Ауғанстан, Түркия, Тәжікстан елдерінің әрқайсысында 10-20 мыңдай қазақ мекендейді. Еуропаның онға жуық мемлекетінде 300-ден 500-ге дейін қазақ отбасылары орналасқан. Осы ағайындармен байланыс жасау мақсатында маусым айында Астана қаласында Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы өтті.