Қазақ сөздігі.
Сипаттама
Жаңа сөз, жаңа ұғым атауларымен толыққан, 106 000 сөзден тұратын біртомдық қазақ тілінің үлкен түсіндірме "Қазақ сөздігі" - қалың жұртшылықтың тіл мәдениетін арттыратын, тілтанымдық білімдерін жетілдіретін құрал. Мұнда сөздер әліпби тәртібімен беріліп, олардың мағыналары ықшам түрде түсіндіріліп, сол сөз негізінде қалыптасқан тіркестердің мағыналары да көрсетілді. Сөздікте қазақ тілінің сөздік қорындағы, сонымен бірге ғылым мен техниканың, замануи технологиялардың дамуымен байланысты туындап жатқан жаңа ұғымдарды білдіретін терминдер мен атаулар да кеңінен енгізілді. Сөздік көпшілік қауымға - ғылым, білім, оқу-ағарту, баспасөз саласы мамандарына, оқушы жастарға, ана тілін терең білуге, қазақ тілін үйренуге талпынған барша оқырманға арналды.