Балапан әлемі №5, 2017 ж
Сипаттама
Сәлем, Балақайлар! Танысып қоялық, менің атым – Балапан. Мен сендерге тамаша сыйлық әкелдім. Ол – өздеріңе арналған «Балапан әлемі» атты түрлі-түсті журнал. Журнал беттерінде әртүрлі жұмбақтар, ой-өрісті дамытатын қызықты ойындар, тапқырлықты талап ететін түрлі тапсырмалар, өздерің сияқты балалардың салған суреттері үнемі жарияланып тұратын болады. Сонымен қатар таңғажайып ертегілер еліне сапар шегесіңдер. Журнал арқылы балалар жазушыларының үздік шығармаларымен танысасыңдар. Сол арқылы мейірімділікті, табиғатты аялауды, жан-жануарларға жанашыр болуды үйренесіңдер. БӘРІМІЗ БІРГЕ ОҚИЫҚ, ДОСТАР!