Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы


Оқу

Туған тіл №2, 2017

Журнал

Сипаттама

«Қазақ халқы – тамырын жеті қабат жер астына жіберген алып бәйтеректей өзегін ғасырлар тереңіне тартып, қасиетті ұлы даласынан табан аудармай, дауылдармен алысып, тағдырымен қарысып, өсіп-өркендеп келе жатқан байырғы халық. Бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ерте замандарда-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түркілердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтап қалған халық», – деген болатын Елбасымыз бірінші Құрылтайда әр тараптан тұңғыш рет Қазақ жеріне келген ағайынға. Сол алғашқы Құрылтайдың өткеніне де биыл 25 жыл толып отыр. 1992 жылы: «Әр бес жылда Әлем қазақтарының Құрылтайын өткізіп тұрамыз», – деп айтылған болатын. Құдайға шүкір, міне, бүгін 25 жылда бесінші рет кездесіп отырмыз, құрметті ағайын! Әлем қазақтарының V құрылтайына 39 ел-ден қазақ диаспорасының өкілін шақырдық. Ағайынға: «Қош келдіңіздер!» – дей отырып, қолдарыңыздағы «Туған тіл» альманахын Әлем қазақтарының V Құрылтайына арнадық. Альманахымыздың жаңа санын Құрылтай жұмысының негізгі тақырыбына айналған Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен ашып отырмыз. Одан соң Құрылтайға ең көп делегат жіберген, қазақ ең көп шоғырланған үш мемлекет – Қытай, Өзбекстан, Ресей елдеріндегі диаспора өкілдері жөнінде ой қозғаған, мәліметтер жинақталған мақалаларды беріп отырмыз. Ескеретін жайт – аталған үш елдегі қазақтар өздерін диаспораға жатқызбайды. Олар өздерінің ата-балаларының жерінде тұрып жатыр, сол жердің түпкілікті тұрғындары. Дегенмен олар қазір шегара сызығының ар жағында. Одан басқа 40-тан астам елде қазақ диаспорасы бар. Жат жердегі бауырластарымыздың тұрмысы, дүниетанымы, ұлт мәдениетіне жақындығы туралы әрдайым құлағдар болып отыру альманах оқырмандары үшін артық етпейді. Шетелдерде 5 миллионға жуық қазақ барына қуанып, іштей шүкірлік етуіміз қажет. Олардың ішінде ғалым да, ақын мен жазушы да, әнші мен әртіс те, кәсіпкер мен қоғам қайраткері де бар. Басылымымыздың бір ғана санында олардың бәрін қамту, жан-жақты мағлұмат беру оңай емес. Мерекелік санымызда шетелдегі қазағымыздың үздік өкілі ретіндегі тұлғалардың, Үркер жұлдыздай шағын топтың өмірі мен шығармашылығын таныстыруды мақсат еттік. Қолдарыңыздағы «Туған тілдің» жаңа санын «Әр қазақ – менің жалғызым» деген көрікті ойды өздеріңізбен бөлісу ретінде қабылдаңыз, құрметті оқырман!

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз