Шығармалары. 1-том
Сипаттама
Қолыңыздағы кітапқа жазушының ғылыми-фантастикалық және техника туралы тартымды сюжетпен өрілген және 60 жылға таяу шығармашылық ғұмырының алғашқы кезеңінде қиялы өрген хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр. «Көрінбестің көлеңкесі» және қазақша да, орысша да сан мәрте жарияланған «Жетінші толқын» хикаяттары кезінде қазақ әдебиетінде ғылыми-фантастикалық жанрдың өрістеуіне мұрындық болып, «М. Сәрсекеев қазақ әдебиетiндегi ғылыми-фантастика жанрының негiзiн қалаушы» (қараңыз: БСЭ-нiң 11-томының 489-бетi) атанған. Алпыс жылға таяу шығармашылық ғұмырында инженер-жазушы тынымсыз еңбек етіп, Қазақстан ғана емес, кешегі КСРО көлемінде де өзіне етене таныс өндіріс тақырыбына қалам сілтеп, «Жарылыс», «Көмбе» романдарын жазды, оған қоса ұлтымыздың біртуар ғұлама перзенттері Сәтбаев, Бөкетов және Бекмаханов туралы деректі ғұмырналар толғап, деректі жанрдың хас шебері атанды. Біздің баспа 80 жастың өріне көтерілер қарсаңында М. Сәрсекенің таңдамалы туындыларын жариялауды жоспарлап отыр.