Шығармалары. 2-том
Сипаттама
Жазушының көптомдық «Шығармаларының» қолыңыздағы 2-томына «Атау-кере» романы және «Бәрі де майдан», «Құм мінезі» (Бархан) атты екі повесі енді. Романда Алтай тауындағы омарташылар өмір-тіршілігі қамтылған. Бас кейіпкер Еріктің, оның шешесі Нюраның, жұбайы Айнаның арасындағы оқиға психологиялық ауанда өрбиді. Сондай-ақ бас тұлғаның бірі Таған атты атпал жастың талантын таптаған маскүнемдік дертке душар болу себептері де сезімталдықпен суреттеледі. Автор сонымен бірге сонау ашаршылық, жеке басқа табынушылық кезіндегі ел ішіндегі нәубетті дәл көрсетіп, көңілге қозғау салады. Жинақтағы екі повест те тіл көркемдігімен, ой тереңдігімен, образ кесектігімен ерекшеленеді.