Тілім менің - тінім менің
Сипаттама
Жинақта белгілі тілші - ғалым, ұстаз М.Серғалиевтің жарты ғасырда ғылыми және мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының, жасалған баяндамаларының таңдаулылары топтастырылған. Кітаптағы материалдар жүйелі төрт бөлімнен тұрады: мемлекеттік тіл мәселелері; тіл мәдениеті және терминология; қазақ тілін зерттеушілер; шағын пікірлер. Алғашқы үш бөлімнің мазмұны атауларынан білініп тұрған болар, ал төртінші бөлімде қазақ тіл білімінің әртүрлі салаларына жазылған кітаптарға осы жинақ авторының пікірлері енгізілген. Кітап филология факультеті студенттері мен магистранттарына ізденуші ғалымдарға, сонымен қатар тіл, жайына бей-жай қарамайтын тілсүйер қауымға ар- налады.