Жануарлар әлемі. Энциклопедия
Сипаттама
«Жануарлар әлемі» энциклопедиясы жасөспірімдер үшін өте қызықты және танымдық жағынан пайдалы басылымдардың бірі болмақ. Мұнда жан-жануарлар мен құстардың сан түрі, мекендейтін ортасы, тіршілік әрекеті туралы жан-жақты мәліметтер берілген. Олардың жойылып кету себептері де баяндалған. Кітап оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, қоршаған табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғаудың қажеттігін түсіндіреді. Кітап орта буын және жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және жануарлар әлеміне қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.