Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары
Сипаттама
Бұл ғылыми еңбек ислам дініндегі құндылықтарды мәдени антро поло- гиялық феномен ретінде қарастырып, қазақ мәдениетіндегі ислам діні нің әдептік ұғымдар бастауларын философиялық, тарихи, мәдениеттану, дін- тану секілді ғылымдар тоғысында, кең пәнаралық шеңберде зерттейді. Қа- зақстандағы мұсылмандық дүниетанымның аксиологиялық сипаттамасын мәдениеттанулық тұрғыдан талдайды. Монография авторы жүзжылдық тарихы бар Әл-Азхар универ ситетінің теология мамандығының бакалавры әрі магистрі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мәдени антро пология» мамандығы бойынша PhD докторантура білім беру бағдарламасын тәмамдаған PhD докторы Ершат Оңғаров қазақ мәде ниетінің қалыптасуы мен даму үрдісіндегі ислам құн- дылықтары жүйесінің моральдық-әдептік категорияларын анықтап, Ислам философиясындағы ел бірлігі туралы ойлар хақында, Қазақстан үшін дәстүрлі исламға жат радикалды ағымдар таралмауының оңтайлы мәселелері туралы ғылыми ізденіс-зерттеулерін қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық салаға нақты мәдениеттанымдық зерттеу ретінде ұсынып отыр. Монография мәдениеттанушы, дінтанушы, философ, теолог ма ман дарға және Ислам құндылықтарын тануды мақсат еткен ізденуші қауымға арналады.