Бес томдық шығармалар жинағы III том
Сипаттама
Бес томдық шығармалар жинағының үшінші томына Телжан Шонановтың «Самоучитель казакского языка для русских» атты оқулығы, Ғ.Бегəліұлы жəне С.Жиенбайұлымен бірігіп жазған «Бастауыш мектептегі қазақ тілінің əдісі» атты əдістемелік құралы, «Сауаттан» деп аталатын үлкендерге арналған əліппе еніп отыр. Кітап қазақ тілі терминологиясы, фонетикасы мен морфологиясы, жазу, əдістеме мəселелерімен айналысып жүрген мамандарға, филология, педагогика, психология факультеттерінің студенттеріне, сондай-ақ осы мамандықтар бойынша докторанттар мен магистранттарға, қазақ тілін үйренгісі келетін азаматтарға, ХХ ғасырдың басындағы тілдік ахуалды білгісі келген көпшілік қауымға арналған.