Тіл және қоғам №3, 2015
Сипаттама
Қазақ тілі – өзінің даласындай кең пішілген, жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, асығып-аптығу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы – домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі – шырқап салар әніндей.