Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар
Сипаттама
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел. Ғасырға бергісіз жылдар» атты жаңа кітабы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктеріне арналған. Әрбір бөлімінде мемлекет пен қоғамның: экономиканың, әлеуметтік саланың, ішкі және сыртқы саясаттың табысты дамуы туралы сөз қозғалады. Тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі статистикалық мәліметтер заманауи инфографика жанрында ұсынылған. Бұл – Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарында жүріп өткен Ұлы өзгерістер жолы жан-жақты қамтылған тұңғыш кітап. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.