Алаш мұрасы
Сипаттама
Тəуелсіз қазақ елі тарихында, мəдениеті мен əдебиетінің қа- лыптасуы мен даму үрдісінде ХХ ғасырдың басында жарық көр- ген Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің орны айрықша екенін ұлт зиялылары бесенеден біледі. Соған қарамастан, кешегі кеңес дəуі- рінде бұл тақырып жабық болған себепті оның зерттелуі еліміз тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана кеш қолға алынды. Қазақ- стан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен жəне жаныашырлығымен жүзеге асқан «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алаш қозғалысына қа- тысты құнды мұрағат материалдары, Алаш көсемсөзшілерінің мұралары жинақ болып жарық көруде. Соларды зерттеп, зерделеу негізінде жазылған еңбекте қазақ сөз өнерінің жарқырап жанған тұсы – ХХ ғасыр басындағы Алаш баспасөзі мен көсемсөзінің тари- хы, таным, тағлым, тəжірибесі терең талданады. Елдік мүддені ту етіп көтерген Алаш зиялыларының жанкешті еңбектері мұрағат материалдары негізінде тарих қойнауынан аршып алынады жəне бүгінгі күнмен сабақтастырыла қарастырылып, өміршеңдік мəн- маңызы айшықталады. Көпшіліктің қолы жете бермейтін соны мəліметтер, тың толғам, талдауларға құрылған еңбек гуманитарлық сала ғалымдарына, елі- міз жоғары оқу орындары журналистика факультеттері мен бөлім- дерінің профессор-оқытушыларына, студенттерге, сондай-ақ ұлт руханиятын қастерлейтін жалпы оқырманға арналады.