Балқы Базар Оңдасұлы, Құланаян Құлмамбет, т.б. Шығармалары.
Сипаттама
Жырқұмар қауымға Құлмамбет пен Балқы Базар есімі жақсы таныс. Көлемді жыр-дастандарды айлап жырлайтын Құлмамбет Жетісудағы айтулы ақындардың бірі болса, Балқы Базар – Сыр өңіріндегі ақындық мектептің айрықша тұлғасы. Жинақта импровизаторлық өнердің ерекше тұлғалары санатындағы саңлақ ақындардың суырып алып айтқан туындылары топтастырылды.