Терминологиялық анықтамалық: Қазақстан 2050
Сипаттама
2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.Осыған орай ел үшін жаңа кезең басталды. Қазақстан қалыптасқан мемлекет ретінде белгіленді. Жарты ғасырға жуық кезеңге арналған жаңа саяси бағыттың өлшемдері халыққа паш етілді. «Қазақстан-2050» Стратегиясын ұсынудың өзі елдің экономикада, саяси дамуда, қоғамдық сананы қалыптастырудағы қол жеткізген жетістіктерінің арқасында мүмкін болды. Елдің қалыптасуындағы дағдарыстардан табысты түрде өте алдық. Қазақстан қоғамдық келісім үлгісіне сүйене отырып өткір ішкі жанжалдардан сақтана алды.