...Жан бөлек
Сипаттама
Аса көрнекті өнер қайраткері, әйгілі әртіс Асанәлі Әшімұлының сүйікті жары мен сүйкімді ұлдары – Мәди, Сағилардың рухтарына арнап, емірене жазған естеліктері бірер жыл бұрын «...Жан бөлек» кітабы арқылы оқырманға жол тартқан. Автор өзіне қымбат жандармен сырласып, олардың рухтарынан күш-қуат, тірек іздейді. Алдыңғы буын әріптес аға- апалары туралы, өмірден түйген ой-толғаулары да осы кітаптың діңгегіне айналғандықтан маңызды әрі тартымды.