АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ
Сипаттама
Оқу-әдістемелік жинаққа Ахмет Байтұрсынұлы атындағы оқытушылардың республикалық байқауы материалдары енгізілді. Байқауға қатысқан өңірлердегі тіл үйрету орталықтары оқытушыларының, әдіскерлерінің сайыс барысында көрсеткен сабақ үлгілері жинақталып беріліп отыр. Жинақ материалдары ересек тұрғындарға мемлекеттік тілді үйретіп жүрген оқытушыларға, әдіскерлерге, жалпы көпшілік қауымға арналған.