Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы


Оқу

Тыңда! Түсін! Тіл үйрен!

Л.А.Ортаева, Н.Мусаева, Ж.М.Ерекешова, Б.Қ.Төребай, А.Р.Орынбаева, А.А.Таубай, Ж.Ж.Шахизада
Әдіс

Сипаттама

Қазіргі цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда адамдарға кез келген тілді үйренуге деген ниет пен қызығушылық болса, еш қиындық тудырмайды. Өйткені бүгінгі заман адамы өзіне қажетті барлық білімді ұялы телефон арқылы ғаламтордан тыңдау арқылы үйреніп алуда. «Тыңдай білу – ұлылық», «Сөз анасы - құлақ», «Ақылды болғың келсе, ән тыңда!» дейтін ата-бабаларымыз сонау жазу-сызу болмаған заманда өзінің даналық өсиеттерін, асыл сөздерін батырлық жыр, терме, айтыс, ән-өлеңдер арқылы ұрпағының құлағына құйып, жатқа айтып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізгендігінің арқасында тіліміз бүгінгі күнге қаймағы бұзылмай сақталып жеткенін білеміз. Яғни, тыңдалым дағдысы ата-бабаларымыздың ежелден-ақ зейінін қалыптастырып, жадын дамытатын тәрбие құралы болған. Кезінде «құлақ жеп» атаның ақылын тыңдап, халықтық тыңдалыммен өскен құймақұлақ бабаларымыздың бай мұраларын бүгінгі сандық технология мүмкіндігіне бейімдеп, қазақ тілін үйретуге қолдансақ, бүгінгі ұрпақтың қалып бара жатқан есте сақтау қабілетін де арттыруға септігі тиер деген үміттеміз.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз