Ахмет Байтұрсынұлы 4-том
Сипаттама
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуы- на арналған алғашқы əліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақ баспасөзінің негізін қалаушы. Жинақтың 4-томына Оқу құралы: қазақша əліппесі (1912), Əліп-би (1926), Сауат ашқыш (1926) атты оқулықтары жəне өзекті мəселелерді көтерген түрлі тақырыптағы мақалалары топтастырылып берілді. Жинақ мектеп оқытушыларына, ЖОО ұстаздары мен тіл мамандарына, жалпы кітапқа ынтызар оқырман қауымға арналған.