Қазақ тілі: Базалық деңгей (А2): Шетелдегі қазақ диаспорасына арналған әмбебап оқулық.
Сипаттама
«Қазақ тілі» оқулығы тіл үйренушілердің рецептивті және продуктивті дағдыларын дамыта отырып, қазақ тілін А2 деңгейінде меңгертуді мақсат етеді. Оқулық мазмұнында аталған деңгейге сай сөздік қор мен грамматикалық минимум ұтымды астастырылып, өмірмен байланысты түрлі тақырыптар аясында ұсынылады. Оқулықта коммуникативтік тәсілдеме аясында тиімді оқыту әдістері таңдалып, білім мазмұнының жүйелі әрі сапалы игерілуіне себепкер болатын оңтайлы тапсырмалар кеңінен қамтылады. Қызықты әрі сюжетті оқиғаларға құрылған оқулық мазмұны тіл үйренушілерді қазақ тілін еркін қолдана білуге жетелейді.