"Ана тілі" Қазақстандағы этнос тілдерін оқытуға арналған мәтіндер жинағы, ОРТАДАН ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙ (В2)
Сипаттама
«Ана тілі» мәтіндер жинағында В2 деңгейіне арналған 25 мәтін ұсынылған. Мәтіндер ақпараттық-коммуникативтік мақсатқа құрылған, сондықтан сөйлеу тақырыбына сай күнделікті тұрмыста жиі жұмсалатын сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер қолданылады. Мәтіндер тіл үйренушілердің сөздік қорын дамытуға, мемлекеттік тілді өз ана тілімен салыстыра отырып меңгертуге бағытталған. Аталған оқу-әдістемелік құрал этнос өкілдерінің ана тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында және сөздік қорын молайтып, оқып-түсіну дағдыларын жетілдіруге арналған.