АТАМЕКЕН: ақпараттық-танымдық жинақ 2021
Сипаттама
Жинақта Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының құрамына енген ел аумағындағы тарихи тұлғаларға қатысты қасиетті орындар туралы мәліметтер беріледі. Сондай-ақ, бұл жәдігерлер төңірегіндегі тарихи мәліметтер мен атадан балаға жеткен аңыз-әңгімелер қатар өріліп, оқырманды халқымыздың рухани әлеміне жетелейді. Жинақтың тартымдылығын арттыру мақсатында ескерткіштердің суреттері берілген. Жинақты еліміздің тарихы, мәдениеті мен руханияты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.