Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы


Оқу

Балапан әлемі №4, 2021

Журнал

Сипаттама

Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен шығатын «Балапан әлемі» журналы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін дамытуға ықпал ететін қазақ тіліндегі басылым. Бұл журналда 3-6 жастағы балалардың түсінігіне сай ертегі, аңыз-әңгімелер, ұлттық ойындар, тіл байлықтарын арттыру үшін мектепке дайындық ретінде «Мен зерек баламын», «Тілашар» айдарлары үздіксіз беріліп отырады. Танымдық тақырыптарға бағытталған «Сен білесің бе?» айдарымен қатар, түрлі мақалалар, өлеңдер, логикалық тапсырмалар, шеберлікке баулитын сабақтар ұсынылады. Сонымен қатар ұлы тұлғаларымыздың балалық шақтары туралы, қауіпсіздік ережелері туралы мақалалар да түрлі-түсті суреттерімен безендіріліп жарияланып отырады. Сондай-ақ балаларды шығармашылыққа баулу мақсатында «Жас қаламгер», «Үздік жас суретші» конкурстары жарияланып, «Журнал көзайымы» конкурсында балалардың сапалы, әдемі түскен суреттері журналдың әр санында жарияланды. Арнайы тақырыпта, ойын ережесімен бірге «Үстел ойыны» парағы журналдың әр нөміріне ұсынылып отырды.

Пікір қосу

Сондай-ақ, оқи отырыңыз