«Кірме сөздердің, ономастикалық атаулардың латын графикасында игерілуі: талқы және тәжірибе» атты халықаралық семинар-кеңес материалдарының жинағы
Сипаттама
Бұл жинаққа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен 2021 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өткізілген «Кірме сөздердің, ономастикалық атаулардың латын графикасында игерілуі: талқы және тәжірибе» атты халықаралық семинаркеңеске қатысушы ғалымдар мен тіл мамандарының мақалалары енгізілді. Жинақ тілтанушы ғалымдарға, оқытушыларға, студенттерге, магистранттар мен докторанттарға, сондай-ақ жаңа әліпби мен емле ережелері қызықтыратын көпшілік қауымға арналған.