Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы

  • сәуiр 2021
  • мамыр 2021
  • маусым 2021

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылғы 13 ақпандағы №13 келісімшарттың XVII тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы іске асырылды.

Мониторингтің мақсаты – көрнекі ақпараттардың сауатты әрі дұрыс ресімделуіне ықпал етіп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдардың, жоғары оқу орындарының ресми сайттарындағы мемлекеттік тілдің қолданысы мен оның тіл заңдылықтарының талаптарына сәйкес дұрыс жүргізілуін қадағалау.

Жоба аясында мониторингтің екі бағыты қамтылды:

  • көрнекі ақпараттар:
  • ресми интернет-ресурстар.
  • Жоба 2020 жылдың маусым-қараша айларында жүргізілді. Жоба аясында арнайы тәуелсіз сарапшылар тартылып, бірқатар жұмыстар атқарылды. Көрнекі ақпараттардағы тілдік ахуалға талдау жасау үшін тілдерді дамыту басқармалары мен тіл орталықтарынан 8 сарапшы маман, ресми интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу үшін 2 сарапшы маман жұмылдырылды.

    Еліміздің 8 қаласында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Петропавл, Орал, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау қалаларында көрнекі ақпараттар, сонымен қатар орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялардың және жоғары оқу орындарының ресми сайттарының мемлекеттік тілдің талаптарына сәйкес жүргізілу барысы тексерілді.

    Жалпы 125 мекеменің ресми сайтына мониторинг жүргізілді. Осы мониторингтің қорытындысы бойынша 98 мекемеге ескерту хаттары жолданды, оның ішінде 33 хат –министрліктер мен әкімдіктерге, 16-сы ұлттық компанияларға, 31-і – жоғары оқу орындарына, 16-ы – банктерге және 2-уі портал әкімшілеріне жолданды.

    Осы жолданған ескерту хат бойынша 41 мекеме өздерінің ресми сайттарына түзетулер енгізді: 16-сы – министрліктер мен әкімдіктер, 10-ы – ұлттық компаниялар, 11-і – жоғары оқу орындары, 4-і – банк.

    «Қазақстан Республикасында тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізу» жобасы аясында 2020 жылғы 26 қарашада «Мемлекеттік тілдің ресми интернет-ресурстар мен көрнекі ақпараттағы қолданысы» тақырыбында республикалық қорытынды онлайн семинар өтті.