Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» АКЦИЯСЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл cаясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен республикадағы Тіл оқыту орталықтары еліміздегі төтенше жағдай кезінде мемлекеттік тіл және басқа да тілдерді қашықтан оқыту шарасын бастады.

Мақсаты – карантин кезінде ересек азаматтарға мемлекеттік және өзге тілдерді онлайн режімде инновациялық әдістер арқылы тегін оқыту, электронды оқу құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тіл үйренуге арналған ІТ бағдарламалар мен платформалар арқылы өздігінен оқуға шақыру.

Қашықтықтан білім беру – оқытудың айрықша технологиясы деген сөз емес, бұл, ең бірінші кезекте, «аудиторияда ғана оқу» секілді қалыптасқан қасаң түсініктің тар ауқымынан шығуға мүмкіндік береді.

Сондықтан, республикамыздың түкпір-түкпіріндегі орталыққа қарасты тілдерді дамыту, оқыту орталықтарының қазіргі қашықтықтан оқыту режімі туралы ізденісін пандемия жағдайындағы еріксіз мәжбүрлілік деп емес, қайта осы шекке дейін бұл салада жинақталған мол тәжірибені кеңінен қолданудың жан-жақты мүмкіндігі ретінде қабылдауға болады.

Осы сала бойынша қызмет жасайтын 98 оқыту орталығы бүгінгі таңда қашықтан оқыту үрдісін «ҚАШЫҚТАН ОҚЫП, ТІЛ ҮЙРЕН!» акциясы аясында жалғастырып отыр.

Әрбір жергілікті жердің байланыс мүмкіндігі ескеріліп, ынта білдірушінің ыңғайына қарай таңдау еркі қарастырылған. ZOOM, Whatsapp, Skype, Google Classroom, Тelegram, Instagram платформалары арқылы тікелей онлайн сабаққа қатысып, онлайн сабақ жазбасын алу мүмкіндігі де қарастырылған. Тілді өз еркімен үйренгісі келетін азаматтарға арналған Tilqural.kz сайты жұмыс жасайды. Электронды оқу құралдарын, қажетті ақпаратты электронды поштамен алуға болады.

Оқыту орталықтарының тәжірибелі, білікті оқытушылары инновациялық технологияларды, әдістерді пайдалана отырып, қызықты әрі пайдалы дәріс жүргізетін болады.

ІСКЕ СӘТ, ТІЛ ҮЙРЕНУШІ!

image format png