Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Жұпенова Динара Тәрбиеқызы

Динара Тәрбиеқызы Жүпенова 1983 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Нұра ауданының Құланөтпес орта мектебінен бастады. Қазіргі кезде Саран қаласының тілдерді дамыту орталығында жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі - 17 жыл.

2019 жылы тіл саясатын дамытуға қосқан зор үлесі үшін Саран қаласы әкімінің алғысхатымен марапатталды.

Еңбек еткен жылдары қалалық «Саран газеті» газетімен тығыз байланыс жасап, тіл орталығында өткен іс-шаралар, тағылымды тұлғалар туралы мақалалар жариялап, «Туған елдің тарихы – тұнған тарих» айдарын жүргізіп келеді.

Динара Тәрбиеқызы «Nur Otan» партиясының Саран қалалық филиалының жұмысына да белсене қатысады, 2021 жылы партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатын жүзеге асыруға атсалысып, қаланың саяси өміріне, әлеуметтік-экономикалық дамуына, партиялық жобаларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғысхатпен марапатталды.

Динара Тәрбиеқызы қаладағы көрнекі ақпараттың тіл туралы заңанмалардың талаптарына сәйкестігін зерделеуге арналған жұмыс тобының мүшесі, осы бағыттағы жұмыстарды өзі үйлестіріп, үнемі қадағалап отырады. Биыл жүргізіліп жатқан жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында «Тіл қорғаны» атты жұмыс тобының құрылуына ықпал етті. Қазіргі уақытта бұл топтың да жұмысын өз жауапкершілігіне алып, қадағалап отырады. Қазіргі кезде ауызекі сөйлеуге үйретуге арналған «Til.kz» клубының жетекшісі.